Текст
14 қыркүйекте 5-сыныпта «Қазақстан Республикасындағы рухани келісім күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында адам мінезінің жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы әңгіме өрбіді, діни кітаптардан үзінділер тыңдалды, астарлы әңгіме тыңдалды, жаңа «толеранттылық» сөзінің мағынасы анықталды, «толеранттылық гүлі» құрастырылды, қорытынды кезеңде «толеранттылық» сөзімен синквейн құрастырылды.